Елдегі азық-түлік нарығы және аграрлық экспортты дамыту

Жаңалықтар
view 27
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Еліміздің азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеттерінің бірі. Әрине, өзімізді толықтай қамтамасыз ету мүмкін болмауы мүмкін, әрі оның қажеттілігі де шамалы. Дегенмен, қазіргі нарықтағы жағдай көңіл көншітпейді. Сонымен қатар дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді шетелдік нарықтарға белсенді түрде шығару маңызды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Осы мақсатта аграрлық экспорттың нақты жоспары әзірленуі қажет. Бұл құжатта логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар, сондай-ақ тиімді маркетинг стратегиясы ескерілуі тиіс.

Аталған мәселе тек Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірнеше мемлекеттік органның ортақ міндеті болып саналады. Сондықтан жұмысты Үкімет деңгейінде үйлестіріп отыру қажет.

Үкімет Еуразия кеңістігіндегі сауда-саттықтың әділ жүргізілуін талап етуге тиіс. Ал Парламент депутаттары заңнамалық бастамалар арқылы отандық өнім өндірушілердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуі қажет.

Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кәсіпорындарымен салыстырғанда, қазақстандық өндірушілер жеткілікті деңгейде мемлекеттік қолдауға ие болмай отыр. Соның салдарынан олар тиімсіз жағдайда қалып, ішкі нарықтың өзінде бәсекеге қабілеттілігін жоғалтып жатыр. Әсіресе бұл мәселе сүт өндірушілер саласында айқын байқалуда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *