Күтпеген шешім: Шерзат ісіне байланысты үкім шықты
Сурет: Ulysmedia.kz
Шерзат ісінің соңы қалай аяқталды?
Талғарда қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Шерзат Полаттың ісіндегі күдіктілер келесі бойынша сотталды:
Сотта төрелік жасаған судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасыл қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 24-баптың 3-бөлігі (қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, түпкілікті 23 жылға сотталды.

Абзал Шынасыл - 23 жыл
Равиль Сакиев - 20 жыл
Азамат Тоқтаубаев - 15 жыл Шыңғыс Белғожаев - 7 жыл
Дархан Әскентай - 7 жыл
Нұрқияс Ілиясов - 7 жыл
Нұрбол Тоқтаубаев - 7 жыл
Дидар Қалиахмет - 7 жыл
Думан Ысқақ - 1 жыл 6 ай мерзімге сотталды.
Ал Шерзат Полаттың отбасы сотталушылардан 660 миллион теңге моральдық шығын талап етті. Жәбірленуші тараптың адвокаты айыпталушылар Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 50 млн теңгеден 100 млн теңге өтемақы өндіруді сұрады.

Қалған 6 сотталушы - Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Ілияс Нұрқияс, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 20 млн теңгеден, яғни 120 млн теңге өтемақы талап етті.
Пікірлер (0)