Мәжілісте Жұлдыз Сүлейменованың орнына келген жаңа депутат ант берді

Жаңалықтар
view 36
news

Фото: AMANAT партиясы

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Оқу-ағарту министрі қызметіне ауысқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келген жаңа депутат ант берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұған дейін AMANAT партиясының саяси кеңес бюросы Мәжілістегі партиялық тізім бойынша бос мандатты Президент жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге беру туралы қаулы қабылдағаны хабарланған.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, – деді Әбутәліп Мүтәлі.

Партия таратқан мәліметке сүйенсек, AMANAT фракциясының жаңа депутаты «Болашақ» бағдарламасының түлегі, бұған дейін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп келген.

Сондай-ақ, Әбутәліп Мүтәлі Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам құруды көздейтін заң жобасы талқыланып жатыр. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *