Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді

Жаңалықтар
view 357
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ұзақ жылдар бойы Қазақстан атынан күрескен белгілі дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах 2021 жылы өз отаны Моңғолияға оралған болатын. Кешегі желтоқсан айында ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді, деп хабарлайды janabastau.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Отгонцэцэг 2015 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсете бастады. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында екі рет үшінші орын алған. Азия чемпионы. Гранд Слэм, Гран При жарыстарында бірнеше рет топ жарды. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.

Отгонцэцэг Галбадрах Токио Олимпиадасынан кейін мансабын аяқтап, Монғолия астанасы Ұланбатыр қаласына көшіп кетті. Осында Winner judo, sport club клубын ашқан. Қазіргі уақытта жас дзюдошылар дайындайды. Шәкірттері халықаралық жарыстарда күресіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *