Президент Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды
Жаңалықтар
35
Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
— Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.
Елордада «Орталық Азия – Қытай» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр.
Пікірлер (0)