Қазақстанда жаңа АЭС жобасына Қытайдың алпауыт корпорациясы кіріседі

Жаңалықтар
view 209
news

Сурет: Pexels

Қазақстанда екінші атом электр станциясын салу ісіне Қытайдың мемлекеттік CNNC корпорациясы жетекшілік ететін болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Бұл жөнінде Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ресми түрде мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаның бас мердігерін анықтау барысында бірқатар шетелдік компаниялардың ұсыныстары қаралған. Қытай мен Ресейдің техникалық және коммерциялық ұсыныстары негізгі бәсекелес ретінде бағаланған.

"Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасымен атом энергетикасы саласында арнайы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Қазақстанда жаңа АЭС салу үшін Қытайдың технологиясын пайдалану көзделуде. Бүгінгі таңда әлемде толық ядролық циклді дербес жүзеге асыратын мемлекеттер санаулы ғана. Қытай сол қатарда. Олар қажетті технология мен өндірістік инфрақұрылымға толық ие", – деді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде Қытай тарапымен келіссөздер басталып кеткен.

"Біз Қытайдың жылдам әрі сапалы құрылыс салудағы тәжірибесін тиімді пайдалануға мүдделіміз. Осы бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Агенттіктің алдында осы салада тиімді консорциум құру міндеті тұр", – деп атап өтті агенттік басшысы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *