Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті ресейлік «Росатом» салады

Жаңалықтар
view 511
news

Pixabay.com

Aтом энергетикасы агенттігі елімізде атом электр станциясын (АЭС) салуға ең тиімді және оңтайлы ұсыныстар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанда АЭС салу бойынша ең тиімді және оңтайлы ұсыныстар ретінде ресейлік “Росатом” компаниясының ұсыныстарын таңдады.

– Жүргізілген талдау нәтижелері Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылды. Комиссия Қазақстанда АЭС салу бойынша ең тиімді және оңтайлы ұсыныс ретінде “Росатом” компаниясын таңдады. Одан кейінгі орында – Қытайдың CNNC компаниясы. Францияның EDF және Кореяның KHNP компаниялары үшінші орынды бөлісті, – делінген хабарламада.

ҚР Атом энергетикасы агенттігі еліміздегі алғашқы АЭС-ті салу үшін тиімді халықаралық консорциум құру мақсатында шетелдік серіктестермен жұмысты жалғастырады.

Пікірлер (2)

  • Росатом қытайға қарағанда екі есе қымбат, сонда қай жері тиімді болды? Росатом қазіргі таңда санкцияда, қандай технология қолданылады бұрынғы ескі технология ма? Росатом Түркиядағы Аккую АЭСті келісілген неміс технологиясымен сала алмай жатыр. Сонда Росатом қандай тиімді ұсыныс келтірді?

  • Росатом қалай салады, өздері құрдымға бара жатыр, Түркия да шу болып, атом станциясын бітірген жоқ қой Росатом

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *