«Qazcontent» журналистер арасында шахмат турнирін ұйымдастырады

Жаңалықтар
view 179
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Qazcontent» АҚ Қазақстан шахмат федерациясы және Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесе отырып «QAZCONTENT OPEN 2025» шахмат турнирін ұйымдастырады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпараттық агенттігі El.kz порталына сілтеп. 

Турнир 2025 жылдың 21 маусымында Астана қаласындағы Spaces коворкингінде (Самал шағын ауданы, 11) өтеді.

Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де басталады.

QAZCONTENT OPEN 2025 турнирі швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұратын блиц форматында өткізіледі. Жартылай финал - нокаут жүйесінде өтеді. Қатысуға теледидар, баспа, радио, интернет БАҚ қызметкерлері, сондай-ақ блогерлер мен инфлюенсерлер шақырылады.

Ал турнирдің толық шарттарымен мына сілтеме арқылы таныс болыңыздар. 

Жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар және жүлде қоры табысталады:

1-орын — 300 000 теңге

2-орын — 200 000 теңге

3-орын — 100 000 теңге

Барлық нәтиже халықаралық Chess-Results.com платформасында жарияланады.

Қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScFvbOrzjx-z3nGCZcJkGrnOpjiV1vai1-nxCI1r9t6g9noow/viewform?usp=header

Тіркеу 2025 жылғы 17 маусым күні сағат 18:00-де аяқталады.

Турнирге ФИДЕ блиц-рейтингі 2000-нан аспайтын, кәсіби шахматшы немесе жаттықтырушы болып табылмайтын тұлғалар ғана қатыса алады.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс:

Турнир үйлестірушісі — Ернар Сейтахмет

Тел.: +7 (777) 069-22-11.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *