Шерзат ісі: Сотта ең маңызды деген айғақ жоғалып кетті

Жаңалықтар
view 385
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Сотта Шерзаттың өліміне қатысты істегі маңызды видеожазбаның жоғалып кеткені белгілі болды

Сот процесі барысында Шерзаттың өліміне қатысты іс материалдарынан маңызды видеожазбасы бар диск жоғалып кеткені анықталды. Бұл туралы Janabastau.kz  хабарлайды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, жоғалған диск тергеу изоляторында айыпталушылардың өзара сөйлескен сәті түсірілген жазбаны қамтыған. Марқұм болған жасөспірімнің отбасы жалдаған адвокаттардың сөзіне қарағанда, айыпталушылар Нұрқияс Ілияс пен Абзал Шынасыл отырған тергеу изоляторына жасырын бейнекамера орнатылған.

Сотта адвокаттар жазбаның стенограммасын оқып берді. Онда келесі диалог келтіріледі:

— Ана әйелдің көзі қысық екен, бауырым.
— Байқамаппын, досым.
— Ол ішке үңіле қарады… Ал егер басқа жаққа қарағанда ше? Қалайша бізді қуған машиналар бізге соғылмай қалды, а? Мен таспен ұрдым.
— Мен де лақтырдым.
— Тура бір жеріне тиді. Тасты алдым да, олар бірінің артынан бірі тұрған еді. Ол жақта да машина болды. Мен тас лақтырып едім, осы жерге тиді.
— Бірақ сен атқаныңды айтпадың ғой. Мүмкін, ұмыт. Айтпа.

Адвокат Бағадгүл Әжіғалиева осы стенограмма негізінде айыпталушыларға сұрақ қоюды көздеген. Алайда Ілияс пен Шынасыл мұндай әңгімені тергеу изоляторында жүргізбегендерін айтып, бәрін жоққа шығарды.

Осыдан кейін жәбірленуші тарап соттан №5825 дискіні қосып, видеожазбаны көрсетуін сұрады. Алайда дәл осы диск іс материалдарынан табылмады.

Прокурорлардың бірі сотта бұл диск бұған дейін жарамсыз деп танылып, заттай айғақтар тізімінен алынып тасталғанын айтты. Алайда мұндай шешімнің нақты себептері мен кім тарапынан қабылданғаны сотта түсіндірілген жоқ.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *