Шерзаттың әпкесі: Бұлар «бұзақылық» емес, «кісі өлтіру» бабымен сотталуы керек еді

Жаңалықтар
view 109
news

Сурет: Ulysmedia.kz

Кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова мен олардың құқығын қорғаған адвокат Мейірман Шекеев сотталушыларға шыққан үкім жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

ӘПКЕСІ НЕ ДЕЙДІ

Сот шешіміне амал жоқ, келісеміз. Бірінші болған адвокаттардың бұл солардың “еңбегі”. Солардың обалынан кеткен дүние. Бұлар “бұзақылық” емес, “кісі өлтіру” бабымен кетуі керек еді. Бірақ қазір осы соңғы процестерінде қорғаушыларымыздың еңбегінің арқасында осындай дәрежеге жеткеніне шүкіршілік етеміз. Үлкен алғыс айтамыз. Өзімізден бөлек, бұл кісілерге де қауіп төнеді деген қорқыныш болды. Менің ата-анам да, бауырларым да солай алаңдады, – деді Перизат Нұрымова.

Әпкесі бұл үкіммен келісуге тура келетінін мәлімдеді.

Бұл бап та болмауы, сотқа да жетпеуі мүмкін еді. Қазір сот біткен күннің өзінде де бұл балалардың ешқандай өкініші жоқ. Өзіміз атылып, ата-аналары атылып, “біз шықпайды деп ойлайсыздар ма?” деген қоқан-лоқылары әлі жасалып жатыр. Бізге қолдарымен, ишарамен көрсетілген қоқан-лоқылары бар. Сот кезінде де ол болды, – деді ол.

АДВОКАТЫНЫҢ ПІКІРІ

Адвокат Мейірман Шекеев сот жақсы өтті деп баға берді.

Төрағаға ризашылығымызды білдіреміз. Өйткені осындай ауыр процесті өткізу әрдайым эмоцияға толы болады. Айқай-шу болады. Кейбір моменттер болды. Жалпы үкіммен келісеміз. Өтемақы бойынша да қанағаттанамыз, – деді Шекеев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *