Шымкентте Президент жанындағы ҚР ҰҒА Перспективті кардиологиялық зерттеулер орталығы ашылды

Жаңалықтар
view 20
news

Фотосурет: дереккөз

«Шымкент жүрек орталығы» КеАҚ 25 жылдығына орай Қазақстан мен шетелден жетекші мамандарды біріктірген халықаралық кардиохирургтер конгресі өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ERNUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Іс-шара тәжірибе алмасу және кардиохирургиядағы инновацияларды талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Конгресс шеңберінде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Перспективті кардиологиялық зерттеулер орталығының ашылуы өтті. Оны құрудың бастамашысы ҚР ҰҒА академигі, кардиохирург Юрий Пя болды.

Орталық академияның өңірдегі алғашқы ғылыми бөлімшесі болады, сондай-ақ медицина, экология, урбанистика және цифрлық технологиялар тоғысында пәнаралық зерттеулерді дамытады. Жаңа орталық заманауи қиындықтар ауаның ластануы, шу, стресс және климаттық факторларды ескере отырып, емдеуден жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көшуге бағытталған. Ол диагностика мен емдеудің озық әдістерін енгізу, сондай-ақ Қазақстанды жаһандық медициналық қоғамдастыққа интеграциялау үшін зияткерлік платформаға айналады.

Конгрессте ҚР ҰҒА мен «Шымкент жүрек орталығы» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл өңірдегі ғылыми өзара іс-қимылды нығайтады және кардиологиялық көмектің сапасын арттырады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *