Сыныптасымен «жақындасып қойды»: 20 жылдық кеште мерт болған Айзирек ісінде блогер күдікке ілікті

Жаңалықтар
view 269
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Айзирек Ералиеваның жан түршігерлік өлімінен кейін Қырғызстан қоғамы әділет талап етіп, әлеуметтік желіде марқұмға тіл тигізген блогер Айбек Улановқа қарсы қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр. Адвокат Шердор Абдықапаров бастаған үндеуге 13 мыңнан астам адам қол қойған, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Anyqtime.kz порталына сілтеп. 

24.kg басылымының мәліметінше әлеуметтік желіде шыққан жазба халықтың ашуын туғызды

Блогер Айбек Уланов Threads платформасында:

«Егер әйеліңіздің мектеп бітірудің 20 жылдық кешінде сыныптасымен жыныстық қатынасқа түскенін біліп қойсаңыз, не істер едіңіз?»

деген жазба қалдырып, Айзирек Ералиеваның бейнесі бейнеленген арт-суретті тіркеген. Бұл жарияланым қоғамның ашу-ызасын туғызып, желі қолданушылары оны адам өлімін ақтап отыр деп айыптады.

Қоғам үн қатты: «Бұл жазасыз қалмауы тиіс»

Адвокат Шердор Абдықапаров Улановқа қатысты «жалған ақпарат тарату» мен «кісі өлтіруді ақтау» бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрап, Бішкек қалалық ішкі істер басқармасына ұжымдық арыз тапсырған. 100-ге жуық адам арызға қол қойған. Қазір тергеушілер блогердің жазбасына лингвистикалық сараптама тағайындады.

Кешірім сұрады, бірақ халық оны жеткіліксіз санады

Көпшіліктің қысымынан кейін Айбек Уланов кешірім сұрағанымен, қырғызстандықтар бұл әрекетті шын өкініш деп қабылдамаған. Оның үстіне, блогердің туысы – Айзиректің өліміне қатысты күдіктінің қорғаушысы болған, және дәл сол адам адвокатқа қоқан-лоқы көрсеткені үшін ұсталғаны да қоғамда үлкен наразылық туғызды.

Айзирек трагедиясы: бір отбасының қайғысы – қоғамның қасіретіне айналды

26 мамыр күні Ош облысының Қара-Кұлжа ауданында мектеп бітірудің 20 жылдық кешінен кейін Айзирек Ералиеваны күйеуі қызғаныштан соққыға жығып, артынша атып өлтірген. Қазір күдікті екі айға қамауға алынған. Іс Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша тергеліп жатыр.

Марқұмның артында бес баласы қалды. Үлкені – 17 жаста, колледжде оқиды. Қалғандары – 11, 9, 7 және 4 жаста. Күдіктінің туған ағасы балаларды қамқорлығына алуға дайын екенін жеткізген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *