Тоқаев Көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады
Фото: туризм және спорт министрлігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды janabastau.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Марапатталғандар арасында 1 адам «Парасат» орденін, тағы 7 адам «Құрмет» орденін алған.
«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді», - деп жазады Ақорда.
Пікірлер (0)