Тоқаев Назарбаевтың Путинмен кездесуін қалай бағалады

Жаңалықтар
view 574
news

Сурет: Ulysmedia.kz-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Тоқаев бұл – олардың былтырғы екінші кездесуі екенін атап өтті.

– Күз басындағы бірінші кездесу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған жоқ. Олар байырғы достар әрі әріптестер ретінде жүздесетін болса керек, ортақ әңгімелері де бар шығар. Мұндай кездесулер әдетте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өтеді. Ол үшін мұның маңызы зор. Бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, партия басшысы және егемен Қазақстанның президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының Кремльмен тығыз моральдық және саяси байланысы барын естен шығармаған жөн. Оның талай уақыты Мәскеуде өтті, сан мәрте іссапарға барды, съезд және пленум отырыстарына қатысты, жұмыс бабымен және ресми сапарлармен де болды, – дейді Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *