Түріктер әуежайда Шымкенттен алып барған алабайды өлтіріп тастады

Жаңалықтар
view 73
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Стамбулда қазақстандық алабай өлтірілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo-ға сілтеме жасап.

Шымкент-Стамбул бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсі күтпеген оқиғаға байланысты кешігіп қалды. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ шамамен бір сағатқа кешіккен. Бұған себеп – алабай Cтамбул әуежайында қызметкерлерді ұшаққа тиелген багаждағы чемондандарды алуға жолатпай қойған.

Ол итті Шымкенттен Түркияға жолаушы багаж арқылы алып ұшқан. Алайда нағыз шу ұшақ Түркияға жеткен соң басталған. Алабай жолаушылардың чемодандарын қорғап, оған бірнеше сағат бойы адамдарды жолатпай қойған. Ұшаққа дипломатиялық қызмет пен полицияны шақыруға тура келген.

Ұшақтан жолаушылардың заттарын алу үшін итке дәрі себіліп, сол жерде өлтірілді. Ал бұл оқиғаға қатысты әуе компаниясы әзірге түсінік берген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *