Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті

Жаңалықтар
view 315
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Ұшқыш-ғарышкер, Талғат Мұсабаев дүниеден өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

75 жасына қараған шағында ұшқыш-ғарышкер Тағат Мұсабаев өмірден өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

«Талғат Амангелдіұлы – үш рет ғарышқа ұшқан, ашық ғарышқа шыққан, ерліктерімен елімізді әлемге танытқан батыр. Бар ғұмырын отандық ғарыш саласының дамуына арнады. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде де көптеген игі бастамаларды қолға алды. Халқының құрметіне бөленген Талғат Мұсабаевтың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.

Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әр жылдары Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттінің төрағасы, президент кеңесшісі, парламент сенатының депутаты болып қызмет атқарды. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *