Зеленский мәлімдеме жасады: Соғыс АҚШ емес, Украина жерінде жүріп жатыр!

Жаңалықтар
view 1392
news

Сурет: aa.com.tr

АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ үйде сәтсіз келіссөз өткізген Украина президенті Зеленский Лондонға ұшып барды. Ал Ұлыбритания премьері Стармер ертең ЕО лидерлерінің шұғыл саммитін шақыратыны белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Бүгін президент Зеленский кешегі болған жағлайларға қатысы әлеуметтік желіде барқатар мәлімдемелер жасады. Сонымен, президент Зеленский не дейді?

ЗЕЛЕНСКИЙ МӘЛІМДЕМЕСІ:

Біз АҚШ-қа осы күнге дейінгі қолдауы үшін ризамыз. Мен президент Трампқа, Америка халқына және Конгресске қос партия болып қолдағаны үшін алғысымды айтамын. Украина халқы бұл қолдауды, бұл көмекті әрқашан, әсіресе толық ауқымды басқыншылық соғыс басталған соңғы үш жылда ерекше бағалады.

Американың көмегі біздің аман қалуымыз үшін өте маңызды болды және мен мұны мойындағым келеді. Арамыздағы болған күрделі диалогқа қарамастан, біз стратегиялық серіктес болып қала береміз. Бірақ ортақ мақсаттарымызды шынайы түсіну үшін бір-бірімізге адал және тура болуымыз керек.

Біз үшін президент Трамптың қолдауына ие болу өте маңызды. Ол шынымен соғысты аяқтағысы келеді. Бейбітшілікті бізден артық қалайтын ешкім жоқ! Бұл соғыс Украина жерінде жүріп жатыр. Соғыстың ішінде біз өмір сұріп жатырмыз! Бұл біздің азаттығымыз бен аман қалуымыз үшін жүріп жатқан соғыс!

Бір жолы президент Рейган: «Бейбітшілік – соғыстың болмауы ғана емес», - депті. Біз – әділ де мығым бейбітшілік туралы, еркіндік пен адам құқықтары туралы әңгіме қозғап отырмыз. Путинмен ұрысты тоқтату туралы келісім – нәтиже бермейді! Соңғы 10 жылда ол ұрысты тоқтату келісімін 25 рет бұзды. Нағыз бейбітшілік – жалғыз таңдау!

Біз табиғи минералдар туралы келісімге қол қоюға дайынбыз. Бұл қауіпсіздік кепілдігіне жасалған алғашқы қадам болады. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Қауіпсіздік кепілдігінсіз ұрысты тоқтату – Украина үшін өте қауіпті. Біз үш жылдан бері тоқтаусыз соғысып келеміз және Украина халқы Амери ка біздің жағымызда екенін білуі тиіс!

Мен Ресейге қатысты Украина позициясын өзгерте алмаймын. Орыстар бізді өлтіріп жатыр. Ресей – жауымыз! Бұл – шындық! Украина бейбітшілікті қалайды – бірақ ол әділетті бейбітшілік болуы керек. Ол үшін біз келіссөз үстеліне мықты позициямен отыруымыз керек. Бізде қауіпсіздік кепілдігі бар екенін білсек, армиямыз мықты болған кезде, әріптестеріміз жанымызда болған кезде ғана бейбітшілік орната аламыз.

Біз бейбітшілікті қалаймыз. Мен сол үшін ғана АҚШ-қа, президент Трампқа бардым. Ал табиғи ресурстар туралы келісім – қауіпсіздік кепілдігі мен бейбітшілікті орнатудың алғашқы қадамы ғана. Біздің жағдайымыз мүшкіл. Бірақ, солай екен деп соғыспай қарап отыра алмаймыз. Путиннің ертең қайта соғыс ашпасына кепілдік жоқ.

АҚШ-тың қолдауынсыз бізге қиын болады. Бірақ, біз еркіндікке деген ерік-жігерімізді жерге көме алмаймыз! Біз орыстардың біздің үйлерімізге келіп, адамдарымызды аяусыз өлтіргенін көрдік. Қайта басқыншылықты ешкімнің көргісі келмейді. Егер ьізді НАТО-ға қабылдамаса, АҚШ-тың нақты қауіпсіздік кепілдігі керек!

Еуропа алда-жалда деген жағдайларға сақадай сай отыр. Керек болса, біздің армиямызды қаржыландыруға дайын. Сол секілді бізге қауіпсіздік кепілдігін алуда АҚШ-тың да рөл ойнағаны керек. бізге кепілдіктер берілген кезде біз де Ресеймен, АҚШ және Еуропамен дипломатия жайлы сөйлесе аламыз.

Соғыс тым ұзақ. Бізде жауды ығыстырып шығаруға қару жеткіліксіз. Украинаның шығыны – тек территория мен техника емес. Мыңдаған адам. Ресей әскері үйімізге келіп, аяусыз өлтірген өмірлер! Әңгіме осы туралы...

Мен АҚШ біздің жағымызда табандап тұруын қалаймын. Бұл жай ғана соғыс емес. Ресей біздің жерімізге әкелген соғыс. Олар территориямыздың тұтастығын құрметтемейді. Сол үшін де олар – кінәлі!

Бүгін Украина халқы АҚШ-тың Украина жағында екенін естігісі келеді. АҚШ-тың Путинмен диалог орнатқысы келетіні түсінікті. Бірақ, «бейбітшілік күшпен келеді» дегенді айтқан АҚШ-тың өзі емес пе? Біз АҚШ-пен бірге Путинге қарсы күш бола аламыз!

Біздің Америка президентімен қарым-қатынастарымых екі лидердің өзара әріптестігі ғана емес, біздің халықтарымыздың тарихи байланысы. Мен сол үшін де әр сөзімде Америка халқына алғыс айтып келемін. Америкалықтар біздің халқымызды құтқаруға көмектесті. Адам мен адам құқығы бірінші орында! Біз шынымен, АҚШ-қа ризамыз. Мен Америкамен жақсы қарым-қатынаста болғанымызды қалаймын...

 

Оқи отырыңыз: «Бұл арсыз доңыз Ақ үйде лайықты соққы алды» – Дмитрий Медведев

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *