Шымкентте сегіз баланың анасы отбасының көз алдында өртеніп кетті

Жаңалықтар
view 29
news

Фотосурет: pixabay

Шымкент қаласының Қайнарбұлақ шағынауданында болған өрт салдарынан 39 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Марқұм жұбайымен бірге сегіз бала тәрбиелеп отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шыққан сәтте отағасы әйелін құтқаруға тырысқан. Алайда жалын оның денесінің шамамен 80 пайызын шарпып, аман алып қалу мүмкін болмаған. Ер адам да аяқ тұсынан күйік алған. Оқиға кезінде үйдегі жеті бала сыртқа шығып үлгерген. 

Куәгерлердің айтуынша, өрт ішіндегі анасын 17 жастағы ұлы алып шыққан. Алайда ол да күйік жарақатын алған. Ал отбасының үлкен қызы қатты күйзеліске түскені айтылып отыр.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, отбасы көрпе-төсек пен мақта матрастар тігіп, нәпақасын тауып келген. Болжам бойынша, өрт аулада орналасқан шағын өндіріс орнындағы жарылыстан басталып, кейін бүкіл үйге тараған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп, келтірілген шығын көлемі анықталуда. Қайғылы жағдайдың нақты себептері тергеу нәтижесінде белгілі болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *