Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған 10 жетекші инвестордың бірі - Тоқаев
Фотосурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті.
Тоқаев пен Барт де Вевермен екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды.
Мемлекет басшысы Бельгияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі ретінде атады.
Айтуынша, экономикалық ықпалдастықтың қарқыны бұдан да зор әлеуетке ие. Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған 10 жетекші инвестордың қатарына кіреді. Соңғы 20 жылда аталған елден келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 15 миллиард долларды құрады.
"Қазақстанда Бельгия капиталының үлесі бар 110-нан астам компания жұмыс істейді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысымызды аңғартады. Танымал бельгиялық компаниялар біздің елдің нарығына көптеп келіп жатыр", – деді Тоқаев.
Өзара сауда айналымы да тұрақты түрде өсіп келеді. Оның көлемі былтыр 580 миллион доллардан асты. Премьер-министр Барт де Вевер екі ел арасында саяси диалог деңгейі жоғары екенін атап өтті. Ол Бельгияның екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге және стратегиялық серіктестік аясын кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді.
Пікірлер (0)