Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 250 тоннадан астам өнім ұсынылды

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласында Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тұрғындарға жалпы көлемі 250 тоннадан асатын 30-дан астам өнім түрі ұсынылды. Тауарлардың бағасы нарықтағы бағадан 10–15%-ға төмен болды. Жәрмеңкеге облыс әкімі Марат Ахметжанов барды. Жәрмеңкеге Аршалы, Бұланды, Біржан сал, Егіндікөл, Есіл, Қорғалжын, Сандықтау және Шортанды аудандары, сондай-ақ Степногорск пен Қосшы қалалары қатысты. Сауда жасау үшін 50 павильонда 100 сауда орны ұйымдастырылды.

Өз өнімдерін өңірдің бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ұсынды. Олардың қатарында «ҚазГер Құс» ЖШС, «Ижевский» өндірістік бірлестігі, Макинск құс фабрикасы, «Компания Алтын-Қазық» ЖШС, «Aitas RTC» ЖШС және «Целин Агро Трейд» ЖШС бар.

Сатып алушыларға ет және шұжық өнімдері, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа, ұн, жарма, өсімдік майы, картоп және басқа да көкөністер ұсынылды. Атап айтқанда, жәрмеңкеге 50 тонна ет пен шұжық өнімдері, 25 тонна сүт өнімі, 40 тоннадан астам картоп пен көкөніс, сондай-ақ 250 мың дана жұмыртқа жеткізілді. Сонымен қатар көшеттер мен басқа да маусымдық тауарлар сатылды.

«Біз сиыр етін келісіне 3,5 мың теңгеден, ал тартылған етті 3,8 мың теңгеден ұсынып отырмыз. Тұрғындар өнімімізді жақсы сатып алып жатыр. Келесі жолы қашан келетінімізді де сұрап жатыр», – деді Қорғалжын ауданының Арықты ауылынан келген Гүлмира Мәжитова.

Бұдан бөлек, «НК «СПК Kokshe» АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары төмендетілген бағамен сатылды. Сатып алушыларға сиыр еті, бірінші сұрыпты ұн, қант, күріш, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері, картоп пен сәбіз ұсынылды.

«Ет пен көкөніс сатып алдым. Бағаларыдүкендер мен базарға қарағанда шыныментөмен. Сапалы фермерлік өнімдердіқолжетімді бағамен сатып алуға болады. Мұндай жәрмеңкелер өте қажет. Келесі жолыда міндетті түрде келемін», – деді Көкшетауқаласының тұрғыны Алмаз Садықенов.

Жәрмеңкемен қатар қала орталығындаерлер мен әйелдер арасында 2,5 шақырымқашықтыққа жүгіруден жарыс өтті. Жарысжеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естеліксыйлықтар табысталды.

Жәрмеңкеде еріктілер де тұрғындарғакөмектесті. Олар ауыр сөмкелерді көтерісіп, сатып алынған заттарды арбамен көліктергедейін жеткізді. Жергілікті шығармашылықұжымдар өнер көрсетіп, тұрғындарға мерекеліккөңіл күй сыйлады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *