Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі артты

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: Ашық дереккөзден

2026 жылдың қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда бөлшек және көтерме сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсті.

Бөлшек сауда:
Сауда көлемі 20 048,8 млрд теңгені құрап, 4,5%-ға артты.

🔹 Сауда кәсіпорындарының тауар өткізу көлемі 2,1%-ға өсті.
🔹 Жеке кәсіпкерлердің тауар сату көлемі 9,3%-ға ұлғайды.
🔹 Азық-түлік тауарларының сатылымы 10,1%-ға, азық-түлік емес тауарлар 1,6%-ға артты.

 Бөлшек саудадағы ең жоғары үлес Алматы қаласына (32,8%), Астана қаласына (14,2%), Қарағанды (7%) және Шығыс Қазақстан (5,3%) облыстарына тиесілі.
 Көтерме сауда:
Сауда көлемі 40 707,2 млрд теңгеге жетіп, 7%-ға өсті.  Көтерме сауда айналымының 80%-ын азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер құрайды.  Көтерме саудадағы ең жоғары үлес Алматы (35,1%), Астана (14,5%), Атырау облысы (13,5%) және Шымкент (6,3%) қалалары мен өңіріне тиесілі. Бұл көрсеткіштер еліміздегі сауда саласының оң динамикасын көрсетеді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *