«Жын-шайтанның жолында жүр»: Имам Джей Ло туралы пікір білдірді
Коллаж: Bairaqmedia.kz
Танымал журналист әрі блогер Өркен Кенжебек Instagram-дағы парақшасында әлемге әйгілі әнші Джей Лоның Астанада өткен концертіне қатысқанын жазып, шетелдік әншінің ән кеші қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды janabastau.kz bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Мойындауға ауыр, бірақ, менің, демек. Көбіңіздің жас шағыңыз Дженнифер әпкемнің буымен өтті-ау. "Жас Алашты" оқимыз. "Лопез бөксесін бір млн долларға сақтандырыпты" деген жаңалықты түсіне алмай дал болғанбыз. Қи шығаратын жер сонша қымбат па еді деп миымыздан бу шыққан Тағы бір кәзит оқимыз. "Ойбай, Бен Аффлекпен неке шартын жасапты. Ол бойынша күйеуі оған $50 000-дан төмен сомаға сыйлық жасамау керек екен" деп жазады. Оны да мына ми әрең қабылдады ғой Біз ол кезде пластмасса роза сыйласақ, оның өзі джентельмендік еді. Сол Дженни күнделіктің сыртында тұрды, Jenny from the block клипі Пентиум III компьютерімнің жадына сыйып жатты. Сөйткен Дженнифер Астанаға келеді, оған мен әйеліммен барамын деп кім ойлаған? Концерт ойдағыдай өтті. 56 жастағы апымның энергетикасы әлі шарпып тұр. 25 мың адам разы болған шығар, негізгі хиттарын шырқады. Бастысы, испан тіліндегі композицияларын ұмытпағанына респект. Әсірece, Que Hiciste әні мен үшін фаворит әлі. Бейнемнің соңына қостым. Не дейін, поп музыка әлеміндегі аңыз таланты мен еңбекқорлығы арқылы талай жыл өзін дәлелдеп келе жатыр. Аттай жарап тұр. Бен Аффлек екінші рет тұрмысқа алып еді, екі жыл әрең шыдады-ау Дженнифер апыма еркек шақ келмейді-ау мына қуатымен. Аман жүрсін, әйтеуір!», — деп жазды ол.
Журналистің пікіріне ҚМДБ ұстазы, «Қажыбай қажы» мешітінің бас имамы Жандос Әшімұлы пікір білдірді.

«Әспеттеп отырған Джей Лоңызға табынбаймын, табынған да емеспін. Осы жылдың басында умрадан келе жатырмын, группамен барып, умраны аяқтаған соң шұғыл қайту керек болып, билет ауыстырып, группадан бөлек жалғыз қайттым. Айтайын дегенім Мәдина қаласынан Абу дабиға келдім. Абу Даби Астана рейсына топ қазақ тұрмыз кезекте. Көбі көпіріп Джей Лоның кешегі концерті деп тұр. Түсінгенім сол кезде Джей Ло Әмірліктерге келіп концерт берген. Залдың 80 пайызы қазақ болды деп мақтанып тұр біздікілер. Ішінде бір таныс жігіт кездесіп қалды, біраз жыл бұрын умра қажылықта бірге болғанбыз. Ол да арнайы ұшаққа және концертке билет алып келіп қайтып бара жатыр екен. Миыма симайды осындай нәрсе. Бөксесін миллион долларға жасатса шоу бизнестің адамы, қазақша айтқанда жын-шайтанның жолында жүр. Оған таң қалмайм. Бірақ бес парызына бекем деп жүрген діндар жігіттердің пәленбай ақшаға сол миллион долларлық бөксенің иесін көруге барғанын түсіне де, қабылдай да алмаймын. Бір ағамыз арағы бар тойды да, халал тойды да басқарып жүргенін көрген бір ақсақал: "Әй қарағым! Сен не дінмен бол, не жынмен бол!" - деген екен. Ол кісі одан кейін тек халал той басқарып кетті. Қашанға дейін дінмен де, жынмен де бірге бола береміз?...», — деп жазды блогер имам.
Пікірлер (0)