Танымал әнші бес жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін
Фотосурет: iStock/Rattankun Thongbun
Алла Пугачёва Дудаев туралы айтқан оғаш пікірі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ресейдің эстрада жұлдызы соңғы сұхбатында Джохар Дудаевты «парасатты адам» деп атағаны үшін тергеуге ілікті. Тергеу органдары бұл мәлімдемеде терроризмді ақтау белгілері бар деп санап отыр.
РФ Қылмыстық кодексінің 205.2-бабы бойынша, әншіге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қазір бұл дерекке қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін адвокат Александр Трещёв сотқа талап-арыз түсіріп, Пугачёвадан 1,5 миллиард рубль көлемінде өтемақы талап еткен. Оның пікірінше, әртістің сөздері соғыс ардагерлерінің ар-намысын қорлайды.
Сұхбатта Пугачёва Дудаевтың тірі қалуы үшін ештеңе істей алмағанына өкінішін білдіріп, оны «порядочный человек» деп сипаттаған болатын. Кейін әнші әлеуметтік желіге «Сөйлегім келетін сәттік сезім жоғалды» деп жазды.
Пікірлер (0)