«Бір ғана дін болуы керек»: депутаттың сөзі қоғамды дүрліктірді

Жаңалықтар
view 284
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Журналист Әмірболат Құсайынұлы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің «әлемде тек бір дін болуы керек» деген пікірін қатаң сынға алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Журналистің айтуынша, тарихта түрлі сенімдер мен діндерді бір-бірінен жоғары қойғанның салдарынан мыңдаған жылдар бойы соғыстар болып, миллиондаған адамдар қырылған.

Әлемде бір ғана дін болу керек деу үшін қаншалықты ойсыз болу керек? Еділ Жаңбыршин бір сенімді екіншісінен жоғары қойғаннан қаншама ғасыр бойы соғыстар болғанын қорыта алмай ма? – деп жазды Әмірболат Құсайынұлы.

Сондай-ақ ол депутат сөзінің өзге дін өкілдеріне құрметсіздік екенін атап өтті.

Миллиард христианға, миллиард буддистке, ата-баба дәстүріне сенген халықтарға бұл пікір – ашық кемсіту. Ал Конституцияда әркімнің наным-сеніміне қол сұқпау туралы жазылған. Депутат осыны ескермей ме? – деді ол.

Әмірболат Құсайынұлы мұндай мәлімдемелер қоғамда татулық емес, керісінше, араздық тудыратынын айтып, ел азаматтарын жауапкершілікке шақырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *