Қара өлім көлеңкесі: Моңғолияда обаға ұқсас жағдай тіркелді

Жаңалықтар
view 160
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Моңғолияның Ховд аймағында бубон обасына ұқсас белгілері бар күдікті жағдайлар анықталып, жергілікті билік шұғыл шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Булган елді мекенінде ауруға күдік туындағаннан кейін аймақ басшысы бұқаралық іс-шараларды тоқтатып, мектептерді қашықтан оқытуға көшіру туралы шешім қабылдады. Қазір дезинфекциялау және індеттің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Мөрөн және Цагаан-Уул елді мекендерінде халық қозғалысына, көліктің кіріп-шығуына қойылған тыйым ұзартылды. Бұл өңірлердің бірінде обаға шалдыққан тұрғын көз жұмған. Бұған қоса, базарлар мен сауда орындарының, қоғамдық тамақтану нысандары мен алкоголь өнімдерін сататын дүкендердің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Соңғы деректерге сәйкес, науқастармен байланыста болған 110 адам дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Денсаулық сақтау өкілдерінің айтуынша, 2025 жылдың тамыз айында елдің 17 аймағындағы 130 елді мекенде оба ошақтары тіркелген. Ал 2014-2024 жылдар аралығында бұл ауруды 20 адам жұқтырып, олардың 9-ы көз жұмған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *