Қонақ күткен: Абай облысында тұмаудан бес айлық сәби көз жұмды
Фотосурет: ашық дереккөзден
Абай облысында бес айлық қыз бала тұмаудан көз жұмды. Қайғылы жағдайдың себебі – ананың қателігі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Патологоанатом Жансая Советханның айтуынша, сәби үйінде қатты қызуы көтеріліп ауырған. Алайда анасы қонақ күтіп жүргендіктен, баланы дер кезінде дәрігерге апармаған. Ол 5 күн бойы ыстық түсіретін дәрімен ғана емдеуге тырысқан.
Нәрестенің жағдайы бесінші күні күрт нашарлап, сағат 16:30-да жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне алғанмен, кешкі 20:00-де сәби көз жұмды.
Соңғы клиникалық және патологоанатомиялық диагноз – сепсис. Гистологиялық зерттеу нәтижесі ЖРВИ белгілерін көрсетті, – деді маман.
Пікірлер (0)