Өрттен қаза тапқан үш адам қылмыстың құрбаны болған

Жаңалықтар
view 71
news

Сурет: видеодан кадр

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданына қарасты Полтавка ауылында үш адамның өліміне қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды janabastau.kz  ақпарат агенттігі. 

Өрт болған үйден 58 жастағы үй иесі мен 44 және 46 жастағы екі адамның мәйіті табылған. Тек марқұм әйелдің қызы ғана қашып шығып, аман қалған.

«Ауылдан 13 шақырым қашықтықта орналасқан үй ашық жалынмен жанып тұрды. Күл астынан үй иесі және екі адамның денесі табылды», – делінген ресми хабарламада.

Белгілі болғандай, қаза болған екі азамат жергілікті ЖШС-де еңбек еткен, ал үй иесі үй шаруашылығымен айналысқан.

Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдайға қылмыс себеп болуы мүмкін. «Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімі (екі және одан да көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *