1 желтоқсаннан бастап жазғы шинамен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

Жаңалықтар
view 122
news

Сурет: Ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап көлігінің дөңгелегіне қысқы шина "кигізбеген" темір тұлпар иелері жауапқа тартылады, деп хабарлайды janabastau.kz.

Күнтізбелік қыстың басталуымен барлық көлік иелері көліктерінің «аяқ киімін ауыстыруы» керек. Әйтпесе, жүргізушілер айыппұл арқалайды.

«Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынады, бірінші желтоқсаннан кейін автокөліктің барлық дөңгелектері ауыстырылмаса көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Аталған талаптарды бұзғаны үшін 5 АЕК қарастырылған», деп хабарлады Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаев. 

ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-тармағына сәйкес, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін көлік құралын басқару 5 АЕК (18,4 мың теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл 20 АЕК (73,8 мың теңге) дейін өседі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *