14 қыркүйекте елдің көп өңірінде үсік жүреді
Фотосурет: ашық дереккөзден
Жексенбі, 14 қыркүйекте Астанада, Алматыда және Қазақстанның бірқатар облысында үсік жүреді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Түнде және таңертең Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жел екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.
Алматы қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Қонаев қаласында түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с-қа жетеді.
Бүгін түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігіне, оңтүстігіне, шығысына тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Көкшетау қаласында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Астана қаласына түнде және таңертең тұман түседі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігіне, батысына, шығысына тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады. Өңірдің шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысына, солтүстігіне, оңтүстігіне тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Петропавл қаласына түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында түнде найзағай ойнайды.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей уақыттарда жел екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20-қа, күндіз 23 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қаласына түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігіне, батысына тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік жүреді.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Талдықорған қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)