Алматыда бейтаныс жігіт автобус ішінде жас қыздың тәніне қол жүгірткен (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 108
news

Фото: дереккөз

Желіде алматылық қыз TikTok желісіндегі zvezzdaelina деп тіркелген аккаунтына №99 автобуста келе жатқан кезінде белгісіз біреудің әдейі қасына жақын тұрып, қолымен тиісе бастағанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қыз абдырап, оған қарсы ештеңе айта алмаған. Оқиғадан кейін ол қатты күйзеліп, университеттегі сабағына да бара алмаған. Мұндай жағдайға тап болғанын алғаш рет бастан кешіп отырғанын айтып, басқа қыздарды автобуста абай болуға шақырды.

Мен қазір түсемін деп ойлап, шыдай тұрайын дедім. Бірақ кенет ол қолын жамбасыма тигізді. Сол сәтте үнсіз қатып, сөйлей алмай қалдым. Шығуыма аз уақыт қалғанда тағы да тиісті. Мен түсіп кеткенімде ол адамдардың арасына кіріп, ізін суытты, – дейді жәбірленуші.

Қыздың айтуынша, ол оқиғаны бастан өткерген сәтте анасына қоңырау шалып келе жатқан. Күтпеген жағдайдан қатты абдырап, көз жасына ерік берген. Университетке жеткен соң да жылап жүріп, сабағына бара алмаған.

Өзімді кінәлі сезінгендей болдым. Қалай болғанын өзім де түсінбеймін, университетке жеткенше анаммен сөйлесіп келе жаттым, көзімнен жас тоқтамады. Өйткені мұндай жағдай болады деп ойламаппын. Киімім де жабық еді, ал ана сұмпайы еркек неге бұлай істеді, түсінбеймін. Ол маған тиісті. Неге оған бірнәрсе айта алмадым, өзім де білмеймін. Ештеңе айта алмадым. Сол үшін өзіме қатты ренжідім. Бұндай бірінші рет болды. Өзімді кінәлі сезінгендей болдым. Неге екенін білмеймін, бірақ қатты ұялдым. Сол үшін басқа қыздарға ескерту жасағым келеді. Егер біреу әдейі тым жақын тұрса, дереу «алыс тұр» деп айтыңыздар, – дейді ол.

Оқиғадан кейін қыздың басы қатты ауырып, көзі ісіп кеткен. Қазір ол қыздар мен жас әйелдерді қоғамдық көлікте абай болуға шақырып отыр.

@zvezzdaelina

эта ситуация произошла со мной вчера, сегодня мне намного лучше, девочки не бойтесь говорить, не замалчивайте пожалуйста

♬ оригинальный звук - zvezzdaelina

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *