Теренс Кроуфорд – Сауль Альваресті жеңіп, әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар
180
Фотосурет ашық дереккөзден
АҚШ боксшысы Теренс «Bud» Кроуфорд төрт белдік иесі Сауль «Canelo» Альваресті сенсациялық түрде жеңді. Осылайша, ол супер орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF, WBO және The Ring белдіктерін иеленіп, абсолютті әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл жеңіс тарихта алғаш рет бір боксшының үш түрлі салмақта undisputed атақ алуымен ерекшеленді. Бұған дейін Кроуфорд жеңіл және жартылай орта салмақтарда да барлық белдікті топтастырған болатын.
Альварес үшін бұл жеңіліс кәсіби мансабындағы ең ауыр соққылардың бірі саналып отыр.
Пікірлер (0)