Шілдеден бері 31 003-і атылды: елімізде киік аулау науқаны жүріп жатыр
Коллаж: ашық дереккөзден
Шілде айының басынан бастап Қазақстанда киіктердің санын реттеу мақсатында ату жұмыстары жүргізіліп келеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 31 003 бас киік ауланған.
Браконьерліктің алдын алу үшін популяция санын реттеу жұмыстарын «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі іске асырып жатыр. Бүкіл үдеріс Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аумақтық бөлімшелерінің бақылауында.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» РМК әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, киік популяциясының санын реттеу жұмыстарын 2025 жылдың 30 қарашасына дейін жалғастыру ұсынылған, – делінген министрліктің KAZINFORM агенттігіне берген жауабында.
Пікірлер (0)