20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар
view 72
news

«Қазгидромет» синоптиктері 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды janabastau.kz. Ресми мәліметке сәйкес, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. «Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы бұрқасын мен қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта желдің күшеюі күтіледі, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі», — делінген ведомство хабарламасында. Жетісу облысында -30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -45 градус қатты аяз болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *