3 баланы құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

Жаңалықтар
view 52
news

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытауда 5 жыл бойы 3 баланы құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды janabastau.kz. еске сала кетейік 18 ақпан күні Динара Зәкиева Ұлытау облысында құлдықта болған 3 баланың жайын айтып жазба жариялап еді. Онда асырап алған балаларына фермада мәжбүрлі түрде мал бақтырғаны айтылған. Бүгін ол балаларды құлдықта ұстаған әйелдің ұсталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп жазды Динара Зәкиева.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *