6 жасар екі қызды зорлаған адам қамаудан босап шықты

Жаңалықтар
view 813
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қызылорда соты алты жасар екі қызға қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберді,  деп хабарлайды janabastau.kz.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыға қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралғанын жазды.

 "Ақыл-есі кем Е екі жас қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны анықталды. Оған екі бап бойынша айып тағылды: Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық), Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі бойынша (Жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау)", – делінген хабарламада. 

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен толық дәлелденді. "Сот шешімімен сотталушы Е ақыл-есі дұрыс еместігіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот Қылмыстық кодекстің 16-бабында (Есi дұрыс еместiк) көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданды", – делінген хабарламада. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *