90 миллион теңге: Алматы облысында тағы бір мектеп бухгалтері ұсталды
Жаңалықтар
54
Алматы облысының прокуратурасы анықтағандай, құқықбұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлер мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған, – деп хабарлайды janabastau.kz.
Алдын ала келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасып жатыр.
«Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып ("сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"), тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды», – делінген хабарламада.
Пікірлер (0)