900 млн теңге жымқырған: Astana English School басшылары ұсталды

Жаңалықтар
view 24
news

Сурет: Ашық дереккөзден

 

Astana English School мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

«Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті Астана қаласы әкімдігінің «№81 Astana English School халықаралық мектебі» КММ лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде. Лауазымды тұлғалар ұсталды», — делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген тексеру барысында бұрынғы директор мен бас есепшінің 900 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталған.

«Аталған соманың бір бөлігі ата-аналардан мектепалды сыныптар мен жазғы лагерге төлем ретінде қолма-қол түрде жиналған. Алайда бұл қаражат мекеменің есепшотына түспей, жымқырылған. Сонымен қатар, 16 миллион теңгеге жуық қаражат шын мәнінде мекемеде жұмыс істемеген, «өлі жандар» деп аталатын адамдардың атына аударылған. Олардың қатарында – күдіктілердің туыстары бар, жалған жұмысқа орналастырылған. Күдіктілер бұл қылмыстық жолмен келген табысқа жалпы құны 382 миллион теңгені құрайтын мүлік – коттедж, елордада екі пәтер және көлік сатып алған. Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды», — деп нақтылады ҚМА.
Тақырып берші

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *