Абай облысында жалған полицей тұрғынды 1 миллион теңгеге алдап кетті

Жаңалықтар
view 38
news

Абай облысында тәртіп сақшылары алаяқтықпен айналысқан жалған полицейлерді ұстады, деп хабарлайды janabastau.kz. БҚО-ның үш тұрғыны  жәбірленушіні алдап, ер адамның жеке деректерін иемденіп, артынша оның шотынан 925 мың теңгені шешіп алған. Ер адамның шотынан ақша алынғаннан кейін ол жалған полицейлерге тап болғанын түсініп, «102» арнасына жүгінді.

– Жарма ауданының тұрғынын белгісіз адамдар тоқтатып, олар тәртіп сақшылары болып танысып, одан жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуын сұраған. Жәбірленушінің құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіргеннен кейін күдіктілер кетіп қалған, - делінген ведомство ақпаратында.

Абай облысы Жарма ауданының жедел уәкілдері күдіктілердің ізін суытпай жылдам тауып, қамауға алды. Тергеу жүргізілуде. Олардың ұқсас қылмыстарға қатысуы анықталып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *