ӘЧ: Бүгін Қазақстанның 8 боксшысы алтынға таласады

Жаңалықтар
view 75
news

Фотосурет: ҰОК

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты финалында бүгін еліміздің атынан 8 боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еліміздің атынан ерлерден Санжар Ташкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келі) сынға түссе, әйелдерден Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) алтынға таласады. 

Қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жектер Қазақстан уақытымен Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.

  • 16:00. Әйелдер. 48 келі. Назым Қызайбай Минакши (Үндістан)
  • 16:15. Ерлер. 50 келі. Санжар Ташкенбай Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)
  • 16:45. Ерлер. 55 келі. Махмұд Сабырхан Рафаэль Лосано Серрано (Испания)
  • 22:00. Әйелдер. 51 кгелі Алуа Балқыбекова Бусеназ Чакыроглу (Түркия)
  • 22:30. Әйелдер. 65 келі. Аида Әбікеева Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
  • 22:45. Ерлер. 70 келі. Төрехан Сабырхан Севон Окадзава (Жапония)
  • 23:00 Әйелдер. 70 кгелі Наталья Богданова Лекейша Перголити (Австралия)
  • 23:45 Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай Джахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *