«Шешеңді бауыздап кетемін деген» - Талғарда кісі өлтірген күдіктінің анасы (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 75
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Талғардағы қанды оқиғаға байланысты басты күдікті саналатын Еламан Айғазиновтың анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, 6 қыркүйекте Еламан Айғазинов 30 жастағы азаматты өлтіріп, марқұмның жиенін кепілге алған болатын. Айғақтар бойынша күдікті жалғыз емес, кәмелетке толмаған екі жасөспіріммен бірге барған.

Қазір полиция оларды да жауапқа тартып, үшеуі изоляторға қамалды. Сонымен қатар, күдіктінің жасаған әрекеті туралы анасымен өзі хабарласқаны белгілі болды.

«Мама, мен кісі өлтіріп қойдым, алып кетші» деді. «Неге олай істедің?» деп едім, «Мама үш күннің ішінде Талғардан кетпесеңдер, шешеңді бауыздап кетемін» деп айтты. Мен қалай шыдаймын? Шыдамадым» деді. Еламан көлік жөндеумен айналысады. Интимді суреттерді туыстарына жібергені рас. Ол да ана, мен де анамын. Әркім өз баласын ойлайды, – дейді күдіктінің анасы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *