Адам ұрлап, терроризмді насихаттаған 23 адам ұсталды (видеода)

Жаңалықтар
view 166
news

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты ұстады, деп хабарлайды janabastau.kz. https://youtu.be/dFRxakAynjs Олар өңірлерде адам ұрлау, оларды қорқыту, терроризмді насихаттау, заңсыз қару мен есірткі тасымалдау ісімен айналысқан. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды. Ұсталған 23 адамнан 49 ату қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақша және есірткі заттары тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмысы жалғасып жатыр.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *