Адамды суицидке итермелегендер 9 жылға сотталуы мүмкін
Жаңалықтар
100
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова балалар мен әйелдердің құқығын қорғайтын заңға енгізілетін нормаларды түсіндіріп, енді адамды суицидке итермелегендер үшін жауапкершілік қарастырылатынын айтты, - деп хабарлайды janabastau.kz.
Оның айтуынша, суицидтің алдын алу үшін Қылмыстық кодекске жаңа екі бап енгізілген.
"Біріншіден, суицидке итермелеу. Екіншіден, суицидті "жарнамалау". Бұдан бірнеше жыл бұрын "Синий кит" деп аталатын ойын әлеуметтік желілерде болды. Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы мен қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылады. Сондай-ақ суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК (738 мың 400 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіледі", - деді Жұлдыз Сүлейменова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде.
Пікірлер (0)