Актер Ұлан Нүсіпәлі Заманбек Нұрқаділовтың алтын сағатын аукционға шығарды

Жаңалықтар
view 4681
news

Фото - Caravan.kz

Актердың ұлы Ақарыс бұл туралы Instagram желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

”Заманбек Нұрқаділов әкемді ерекше жақсы көретін және әкемнің “Терісқақпай” театрын әрқашан қолдайтын. 1999 жылы Заманбек аға әкеме өзінің таза алтын сағатын сыйлаған еді. Одан кейін әкем екеуі кездескен кезде сатып жіберме, жарайды ма деп ескертіп қоятын. Әкем әрине, Зәке сатпаймын деп уәде берген. 2005 жылы Заманбек аға қайтыс болды. Содан бері әкем бұл сағатты тақпай сақтап қойған. 2005 жылдан бері отбасымызда қиын кездер болмады емес, болды. Әкем айтпақшы, үйде қарапайым қант та болмаған кездер болды. Сол кезде талай кісілер Зәкеңнің сағатын бізге осынша мың долларға сатшы деп сұрайтын. Бірақ әкем ешқашан сағатты сату деген нұсқаны тіпті ойына алмайтын. Сағаттың тағылмай, сақталып тұрғанына 20 жылға жуық уақыт өтті. Осы жылы әкем екеуміз Заманбек ағаның сағатын “Sham” мектебінің аукционына берейік деп шешім қабылдадық. Себебі, Заманбек ағаның тірі кезіндегі мақсаттарының бірі — ауылдың өнерлі балаларын қолдау еді. Осы миссияны қазіргі кезде атқарып, мектеп ашып жатқан Қуаныш Бейсек және Ұлықбек Шарипов. Сағат аукционда қымбатқа сатылып, түскен ақша білімді балаларға жұмсалуын нәсіп етсін! Басты мақсат: Заманбек Нұрқаділов ағамыз өмірден өтсе де, артынан барып тұратын сауаптар тоқтамасын”, — делінген желіге жарияланған видеода.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *