Алаяқтар Иманғали Тасмағамбетовті «пайдаланған»
Фотосурет: ашық дереккөзден
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы басшылығының бейнежазбасын алаяқтар пайдаланып жүр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Соңғы уақытта жасанды интеллект технологиясын қолданып жасалған жалған бейнеүндеулер арқылы алаяқтық шабуылдар жиілеп кетті. Қылмыскерлер ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің цифрлық бейнесін қолданып, ойдан шығарылған себептермен ақша аударуды сұрайтын, шынайы көрінетін бейнероликтер жасап жүр.

Қазіргі технологиялар өте шынайы жалған бейне мен аудио жасауға мүмкіндік береді. Экраннан көріп отырғаныңыз – қылмыскер басқаратын цифрлық бейнеқосалқы. Ештеңе жүктемеңіз және ешқайда тіркелмеңіз. Цифрлық қосалқы сізден қосымша жүктеуді, сілтемеге өтуді немесе жалған сайтқа тіркелуді сұрауы мүмкін. Мұның бәрі деректеріңізді ұрлау немесе құрылғыға вирус жұқтыру үшін жасалады, – деп ескертті Aqparat Saqsysy мамандары.
Өз кезегінде Тасмағамбетов бұған дейін киберсоғыстар туралы пікір білдірген еді. Оның айтуынша, бұл кеңістік мемлекеттер арасындағы тағы бір «шайқас алаңына» айналған.
Пікірлер (0)