Алматыда үш автобус соқтығысты

Жаңалықтар
view 39
news

Бүгін Алматыда үш бірдей қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды janabastau.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, бүгін, 13 ақпанда сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №54 маршруттағы автобус жүргізушісі алдында жүріп бара жатқан №133 маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысқан. Сол кезде №133 автобус инерциямен бір бағытта келе жатқан №88-ші автобуспен соқтығысқан.

«Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Жол апатына түскен үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі", - делінген хабарда. Қазір жол апатының мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі жол апаты салдарынан зардап шеккен 14 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. "Қазір олар қабылдау бөлімі деңгейінде тексеріліп жатыр. Бәрінің жағдайы орташа ауырлықта, барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. 3 адам ауруханаға жатудан бас тартты», - делінген ақпаратта.

фото ғаламтордан көрнектілік үшін.

оқиға орны сілтемедегі видеода бейнеленген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *