Алматыда жігіттерді төсекке тартып, артынан ақша бопсалайтындар көбейген

Жаңалықтар
view 96
news

Фотосурет: дереккөз

Алматы қаласында әлеуметтік желі арқылы жәбірленушіні алдап, қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қылмыскерлердің өзін әйел ретінде көрсетіп, ер адамдармен танысқан бірнеше жағдайы тіркелген.

Сондай-ақ хабарламалар алмасып, жәбірленушінің пәтеріне кездесу ұйымдастырған әйелдің «жақындары» келіп, өздерін ағасы немесе туысымын деп таныстырады. Олар жігітті «жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы шағым түсіреміз» деп қорқытып, ақша бопсалайды.

Осындай оқиғалардың бірін Жетісу ауданының полиция қызметкерлері жедел түрде әшкереледі. Нәтижесінде 3 күдікті – 1 әйел мен оның 2 сыбайласы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қала тұрғындарына интернет арқылы танысу әрдайым қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеміз. Сондықтан бейтаныс адамдарға сенбеуге, сақ болуға, егер қорқыту немесе бопсалау жағдайы болса, дереу полицияға хабарлауға шақырамыз. Әрбір осындай дерек мұқият тексеріліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *