Түркістан облысында ересек адам 13 жасар қызды «сүйісуді үйретуге» шақырған
Фотосурет: ашық дереккөзден
Заңгер Ләззат Рақышева балаларды педофилдерден қорғау мақсатында топ ашып, біраз адамның арсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Democrat.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысында 13 жасар қызға «сүйісуді үйретемін, кездесейік» деп ересек адам хат жазған. Осы жазбаны әшкерелеп, жариялаған заңгердің жекесіне «Айба» деген бүркеншік есімді жігіт аузына келгенін айтып, хат жолдапты.

Кешегі 13 жасар қызға жазған еркекті мынау Айба деген біреу қолдап, жаны шығып отыр. Ал бір адамдар «бізді де командаңызға қоссаңыз» деп жатыр! Түркістан облысынан педофилдерге қарсы күреске дайын азаматтар болса, маған хабарласыңыздар! Тағы бір «еркек» түсті құрыққа. 13 жастағы қызға сүйісуді, тағы бірдеңелерді үйретпек, – деп жазды заңгер парақшасына.
Пікірлер (0)