Экстрасенс Кашпировский өзінің ауруын емдей алмай, асқындырып алған – БАҚ

Жаңалықтар
view 91
news

Фотосурет: dzen.ru

Анатолий Кашпировский Мәскеуде шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, 86 жастағы экстрасенс онкологиялық ауруының асқынуына байланысты өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Telegram-арнаның мәліметінше, Кашпировскийге кезекті емдеу курсы қажет, алдағы апталарда ол терапиядан өтеді.

Қазір ол санаторийде, сөйлей алмайды, – деп жазды Baza, экстрасенстің жақындарына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Кашпировский өз әдістерімен өзін емдеуге тырысқан, алайда онысы көмектеспей, денсаулығы күрт нашарлаған.

Телепат ұзақ уақыт бойы іш аймағындағы ауырсынуларға шағымданған, бірақ дәрігерлерге жүгінуден бас тартқан. Өзін-өзі емдеген. Алайда жағдайы күрт нашарлап, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Диагностика нәтижесінде оның онкологиялық ауруды асқындырып жібергені және іш қуысындағы зақымданған аймақтар көп екені анықталды, – деп жазды Baza.

Басылымның хабарлауынша, Кашпировскийге сәулелік терапия жасалған, бірақ өзі оның енді көмектеспейтініне сенімді. Алайда Mash деген белгілі ресейлік Telegram-арна бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Анатолий Кашпировский тірі, аман және дүйсенбі күні көңілді жүрді. Тек өзін ауруханаға жатқызды деп хабарлаған Telegram-арналарға ренжулі, – деп жазды Mash.

Арнаның мәліметінше, екі ай бұрын Кашпировскийдің баласы дүниеге келген, қазір ол сонымен уақыт өткізіп жүр.

Барлық сұрақтарға оның директоры Сергей: «Бүгін ол Telegram-да эфир жүргізеді. Онда онкология да, тұмау да жоқ. Мұндайды жазатын қандай ақымақ екенін білгім келеді. Көзбе-көз сөйлессем деймін» деп жауап берді, – деп жазды Mash.

Еске сала кетсек, Анатолий Кашпировский – кеңестік және ресейлік дәрігер-психотерапевт. Қайта құру жылдарында «емші» әрі гипнотизер ретінде культ тұлғаға айналған.

1962 жылы медициналық институтты тәмамдап, әскерде және КСРО ауыр атлетика құрамасында жұмыс істеген, сол жерде психотерапияны қолдана бастаған.

1988-1989 жылдары орталық телеарнадағы сеанстарымен танымал болды. Ол миллиондаған көрерменді «қашықтан емдеп», қоғамда үлкен резонанс тудырған.

1993 жылы АҚШ-қа эмиграцияланып, 2000-жылдары Ресейге қайта оралды. Қазір Мәскеуде тұрады, сирек сеанстар өткізеді және «қондырғысы бар су» шығарады.

2020 жылы коронавирус пандемиясы кезінде YouTube-та «сауықтыру стримдерін» жүргізе бастаған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *