Айтбек Амангелді қателесті: қарындасының есімі тарихи тұлғалар пантеонына енбеген

Жаңалықтар
view 132
news

Фотосурет: Instagram/aitym

Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімдігі Салтанат Нүкеноваға арналған тақтаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді қарындасының есімі Қазақстан тарихына ықпал еткен тұлғалардың пантеонына енгізілгені туралы жазған болатын. Әкімдік дереу ол ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомство мәліметінше, Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақта меценат Сапар Ысқақовтың жеке бастамасымен орнатылған. Ол Қостанай облысындағы туристік кешеннің аумағында орналасқан жекеменшік ғимараттың ішінде тұр және ресми «Ұлттық жады қабырғасы» мемориалына еш қатысы жоқ.

Меценаттың бастамасымен бұл жеке ғимаратта тарихи тұлғалар мен оқиғаларға арналған бірнеше ондаған тақта орнатылған. Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақта да солардың қатарында, - делінген ресми ақпаратта.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *