«Хайп қуам десем, тема жетеді менде де!»: Дариға Бадықова ашуға ерік берді
Фотосурет: ашық дереккөзден
Актриса Дариға Бадықова өзінің Instagram парақшасында бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевпен неге ажырасқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, ол осы күнге дейін көп нәрсені жасырып жүрген.

Мен – сценарий емес, тірі адаммын! Киномның алдында, сонша төккен еңбегімнің, адал терімнің алдында өмірімді күлге айналдырмақ болған әрекет – тек мені емес, өнердің өзін де қорлау деп білем! Мен халыққа жеке өмірімді емес, жүрегімді, еңбегімді, өнерімді ұсынып келдім. Әрдайым өнер бөлек, жеке өмір бөлек деген позицияда болдым. Әйтпесе, хайп қуам десем, тема жетеді менде де! – деп ашуланды актриса.
Сондай-ақ ол «өзін қарабет қылып, қолда бар шындықтың шетін ғана ұстап, айып таққандарға» сабыр сақтауды тіледі.

Сәл сабыр! Сәл сана! Сәл әділет! Асығыс шешім – өкініштің киімін ерте кигізеді. Менің де шындығым бар және ол шындық та айтылар күнге жетті. Осы күнге дейін көп нәрсені жасырып жүрдім. Мен сөйлесем, кімнің кім екенін анализ жасай алар түйсіктеріңіз болса, түсініп аларсыздар. Сәл сабыр, – деп қайталады сөзін Дариға Бадықова.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)